Мамандықтың жалпы сипаттамасы
Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.
Күндізгі оқу бөлімінде кәсіптік білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:
Бітіруші түлек біліктілігі –маркетолог.
Маркетолог- нарық жөнінде толық және нақты ақпараттарды игеретін, тұтынушылардың талғамына сай тауар өндіретін, сонымен қатар тұтынушылардың талғамы мен сұранысына ықпал ететін, сондай –ақ тауарды сату мен оның нәтижесінің тиімділігі үшін жұмыс атқаратын тұлға.
Маркетолог қызметінің негізгі бағыттары:
Маркетолог игеруі тиіс:
Мамандықтың сипаттамасы
Маркетологтар көптеген салаларда сұранысқа ие және олардың қызметі жоғары бағаланады. Сонымен қатар мамандық тұлғаның өзін жан-жақты көрсете білуіне жағдайлар туғызады. Маркетолог мамандығына классикалық тұрғыдан былай анықтама беруге болады: «Маркетолг- тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру, табу, болжау және оны басқару қызметі» . Нарыққа шығарылған жаңа тауардың сұранысқа ие болуы мен, жаңа брендтердің , тауарлар мен қызмет көрсетудің табысқа жетуі маркетолг қызметіне байланысты болады. Маркетологтың басты міндеті – нарықтағы жағдайды оқып –үйрену, жаңа өнімге деген тұтынушылардың реакциясына талдау жасау, оны тиімді пайдаланудың жолдарын ұсыну. Маркетологтар аналитиктер және бренд- менеджерлер болып екіге бөлінеді. Алғашқылары- аналитикалық талдау мен болжам жасаумен, екіншілері алынған мәліметтер арқылы нарықта тауарды өткізудің жоспарларын жасайды.
«Маркетинг»- көп сатылы дайындық бағыты.Бұл мамандық тек колледждерде ғана емес, ЖОО да қолға алынған.Макетинг магистратура сондай-ақ МВА бағдарламаларында оқытылады, кәсіби мамандар бұл мамандыққа өмір бойы оқуға болады дейді. Бірақ, маркетолог саласындағы мансап баспалдағына шығуды колледж ден бастаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Коптеген колледждер ЖОО-мен өзара қарым –қатынаста жұмыс істейді, орта кәсіби білім дипломын алғаннан кейін туыстас мамандық бойынша ЖОО-ның -2-3 курсына оқуға түсуге мүмкіндік туады.Мұнда нақты сала бойынша, теориялық білім тәжірибе арқылы толықтырыла түседі. Бірінші курстың өзінде сізде таңдаған мамандығыңыз туралы толық түсінік қалыптасады.
Маркетолог мамандығы- бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Шағын компанияларда маркетолог қызметін атқара отырып зор тәжірибелер жинақтауға болады. Одан әрі кәсіби дәрежеде өсу сіздің табандылығыңыз бен өзіңізді көрсете білу қабілетіңізге байланысты.
Маркетологтар оқып –үйренетін пәндер бірнеше блоктарға бөлінген, жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіби пәндер, арнайы пәндер.
Жалпы білім беретін пәндердің арасынан шет тілдері мен саясаттану және әлеуметтану негіздерін ерекше бөліп қарауға болады.Кез-келген маркетолог кем деген де бір шет тілін білуге тиіс, ал әлеуметтану маркетингтік зерттеулерге негізделеді. Сондай –ақ «Маркетинг» мамандығы аясында математикалық пәндерге көңіл аударылады. Марктологтар қызметі сандар мен әртүрлі есептік бағдарламалармен байланысты.
Жалпы кәсіптік пәндер бойынша колледж студенттері менеджмент, статистика, маркетинг пәндерін оқып –үйренеді. Арнайы пәндер бойынша тауар және қызмет көрсету маркетингі, нарықты маркетингтік талдау, сыртқы экономикалық қызмет пәндеріне көңіл аударылады.