Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«Тұран» университеті колледжінің тәрбие жұмыстары.

Заманауи қоғамда жоғары білікті, мәдени салада қабілетті мамандарды, шығармашылық кәсіптік қызметке ие, өмірге белсенді көзқараспен қарайтын, әлеуметтік ортада өзін еркін сезінетін мамандарды талап етеді. Колледжде оқу үрдісімен  етене байланысты тәрбие жұмыстары оқушыларға ұйыммен жұмыс істеуге және жеке дамуларына сәйкес дамып, жетілулеріне жол ашады. 

 

«Тұран» универсиеті колледжінде тәрбие жұмыстары оқытушылармен, топ жетекшілермен  өзара тығыз байланыста жүргізіледі және оқушылардың жеке бағытта дамуларына, өзін-өзі танып білулеріне басты назар аударады. 

 

Негізі қаланған дәстүрлер арқылы колледж ұжымы жыл сайын өз алдына төмендегідей мақсаттарды қояды:

  • Әрбір оқушының шығармашылық қабілеттері мен мәдениеттілігінің дамуларына;
  • Оқуға және тәрбие жұмыстарына жеке-бағдар жасау;
  • Әлеуметтік белсенділік қалыптастыру;

Колледжде тәрбие жұмыстары төмендегідей қағидаларды негізге алады.

-жеке тұлғаға бағдарлы тұрғыда тәрбие беру ең басты құндылық және жеке оқытушының негізгі объектісі болып табылады;

-оқу тәрбие үдерісінің бірлігі;

- жұмысты ұйымдастыруда әлеуметтік даму ағымдарын ескеру;

-  жастардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

- тәрбие жұмыстарының жеке, топтық және жаппай әдістері мен нысандарының сәйкестігін анықтау.

Тәрбие жұмыстарының бағытталған бағдарлары

  • Оқушыларға ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу;
  • Мәдениеттілікті қалыптастыру;
  • Рухани қасиеттерді;
  • Саламатты өмір салтын қалыптастыру,
  • Оқушылардың құқықтық мәденилігін қалыптастыру.