Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Мамандықтың жіктемесі Қазақстан Республиксының кәсіптік және техникалық білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың нормативті мерзімі

-негізгі жалпы білім беру базасында – жыл 3жыл 10 ай;

- негізгі орта жалпы білім беру базасында -2 жыл 10 ай;

Түлектің біліктілігі- техник- бағдарламашы

 

Техник білуге тиісті:

  • ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға
  • бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне үйренеді. 
    Бұл мамандық иегерінің кәсіпшілік қызметтерінің объектілері: барлық компьютерлер түрлерінің жүйесін орын ауыстыру;
  • конструкторлық жоба;
  • өндірістік технологиясы;
  • эксперементтік зерттеу;
  • басқаруды ұйымдастыру.  

 

Мамандық сипаттамасы

Аналиктерінің бағалауы бойынша ІТ саласы бүгінде тұрақты дамып келе жатқан сала. Компаниялар санының қаулап өсуімен қатар білікті –техникалық мамандарға деген сұраныс артып келеді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы орта кәсіби білім берумен біздің елімізде көптеген колледждер айналысады.Бұл еңбек нарығы саласында компьютер мен ұйымдық техникамен қызмет көрсету ,құрылғыларды жөндеу, жүйелерге қосу саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді деген сөз .Бұл саладағы  білікті маман болу үшін жоғары оқу орнын бітіру міндетті емес, колледж қабырғасында алған біліктіліктер ары қарай жұмыс атқаруға негіз бола алады.

Ақпараттық технологиялар саласындағы орта кәсіптік білім алуға ниет білдірген түлектер барлық жылдарда кәсіби білім беретін оқу орындарының жетекші орындарында тұрады.

«Ақпараттық технологиялар» мамандығы компаниялар мен компьютерлік жүйелер мен жұмыс істейтін мамандар дайындайды.Оқушылар алгоритимдермен жұмыс жасауды үйренеді, бағдарламалаудың негіздерін оқып –уйренеді.Колледжді аяқтағаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету саласында тестер ретінде түлектерді қызметке алады.Мұндай мамандар дайын бағдарламалардың қателікері мен кемшіліктерін түзетеді.

«Ақпараттық технологиялар»- іс жүзінде барлық салада сұранысқа ие  мамандық.Өнеркәсіп, банк ісі, білім, сауда, мүлік- осы салалардың барлығында ортақ жүйелер базасы, оларды іске қосып жұмыс істететін, жобалайтын – техник мамандар.  .Әр түрлі салаларда жүйелер өзіндік ерекшеліктерге толы, сондықтан да сауда, тамақтану саласында бұл сала мамандарына сұраныс бар.

Ақпараттық технологиялар саласының мамандары барлық уақытта сұранысқа ие.Сіздер кәсіпорындардың  ІТ бөлімшелерінде,ақпараттық компанияларда, провайдерлерде жұмыс істей аласыздар. Бұл саланың маманы өз білімін барлық уақытта жетілдіріп отыруы қажет.

Техникалық және кәсіптік- техникалық білім сіздерге кәсіби шыңдарға шығу мүмкіндіктерін ашады. Колледж түлектері Жоғары оқу орындарында қысқартылған оқу нысанда білімін жетілдіре алады.