Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Мамандықтың жіктемесі Қазақстан Республиксының кәсіптік және техникалық білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың нормативті мерзімі

-негізгі жалпы білім беру базасында – жыл 2 жыл 10 ай;

- негізгі орта жалпы білім беру базасында -1 жыл 10 ай;

Бухгалтер - ұйымдастыру және басқару нысандарына қарамастан кәсіпорынның,ұйымдардың, бухгалтерлік есебі мен мекемелердің мүліктік  талдау, шаруашылық операцияларын жүргізетін білікті , кәсіби маман.

Бухгалтер қызметінің негізгі түрлері: қаржылық –бақылау,есеп және талдау

Бухгалтер білуге тиісті:

  • Бухгалтерлік есептерді рәсімдеу,негізгі қордың қозғалысы, тауарлық- материалдық құндылықтардың,ақша қаражатының бухгалтерлік есептерін жүргізу,

Қаржы саласындағы экономистердің кәсіби қызметінің негізгі обьектісі:

  • Кәсіпорынның қаржы қызметінің есебін жүргізу, жоспарлану және талдау, сондай- ақ меншік турлеріне байланысты құқықтық қызметтерді жүзеге асыру,
  • Ұйымның қаржылық- шаруашылық қызметін талдау;
  • Ұйымның төлемқабілетін бағалау, тарату;
  • Қаржылық- есеп операцияларын жүргізу кезінде есептеу техникасын пайдалана білу;

Мамандықтың сипаттамасы

Бүгінгі күні бухгалтер мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатпайтындығын жоққа шығаруға болмайды, дегенмен білікті –бухгалтер,кез- келген ұйымың кірісі мен шығысын есептейтін  маман барлық жерде қажет –ақ. Егер сіздің математикалық қабілетініз болса, барлық уақытыңызды  есеп –қисапқа арнап, төзімділік, ұйымдастырушылық қабілетініз болса онда Сіз бухгалтерлік есеп саласының ең таңдаулы маманы болатыныңыз сөзсіз.»Бухгалтерлік есеп» мамандығының бар кезде сұранысқа ие екендігіне таңғалатын ештеңе де жоқ. Кез- келген кәсіпорынды, бала бақшадан бастап, мұнайөңдейтін концернге дейін бухгалтердің көмегінсіз көзге елестете алмаймыз. Тіпті штатта екі адам болса, оның біреуі- бухгалтер болатыны сөзсіз. Бухгалтер –ревизор мамандығын сіз колледж табалдырығында да ала аласыз.

  Бухгалтер мамандығы улкен жинақылық пен мұқияттылықты қажет етеді, себебі,- барлық кәсіби пәндер сандар, есептер мен кестелермен байланысты. Бухгалтерлік –есеп математиканы жақсы меңгерген,шыдамды адамдар  үшін  таптырмас мамандық.Кәсіби мамандықтар қатарында : экономикалық теория негіздері, сала технологиясын ұйымдастыру, микроэкономика, бухгалтерлік экономика теориясын тб, салаларды тереңірек оқытады. Бухгалтерлік есеп, қаржы және несие, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржыайналымы пәндерін тереңдетеді. Теориялық пәндер қатарынан оқу барысында «1С: Бухгалтерия», электронды база және электронды кестелермен жұмыс жасап үйренеді. Колледжді аяқтағаннан кейін  түлек кәсіпорынның бухгалтер- көмекшісі ретінде қызмет атқара алады.Түлектің одан арғы кәсіби өсуі адамның өзіне тікелей байланысты. Көптеген түлектер жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырады.