Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Мамандықтың жіктемесі Қазақстан Республиксының кәсіптік және техникалық білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың нормативті мерзімі

-негізгі жалпы білім беру базасында – жыл 2 жыл 10 ай;

- негізгі орта жалпы білім беру базасында -1 жыл 10 ай;

Қаржы саласындағы экономист –ол экономика саласының маманы,экономикалық мәселер бойынша сарапшы.

Мамандықтың сипаттамасы

Қаржы саласындағы экономистердің кәсіби қызметінің негізгі обьектісі:

Кәсіпорынның қаржы қызметінің есебін жүргізу, жоспарлану және талдау, сондай- ақ меншік турлеріне байланысты құқықтық қызметтерді жүзеге асыру;

Түлек білуге тиіс:

-қаржы қызметін ұйымдастырумен байланысты нормативті –құқықтық актілер мен заңнамаларды білуі;

- кәсіпорын экономикасын, заемдарды тарту, өз қаражатын тиімді жұмсау, құнды қағаздарды шығару және сатып алуды;

- шаруашылық жүргізу әдістерін, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру, еңбек қауіпісіздігі ережелері меннормаларын;

Түлек игеруі тиіс:

Қаржы аударымдары мен ұйымның ақша қаражатын есепке алуда есептеу техникасымен жұмыс істеу тәсілдерін;

Кірістер мен шығыстардың,басқада да салымдар мен аударымдардың мөлшерін анықтай білу, ұйымның салық органдарымен, банктермен өзара қарым –қатынасын дамыту, кірістер мен шығыстар баланстарын жасай білу;

Өндірістік жоспардың техникалық –экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып перспективалық және қаржылық жобаларды жасау,ұйымның ақша қаражатын айналымын бақылай білу;

Қызмет ауқымы:

Жоспарлау, қаржы және статистика органдарында,кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда.Кәсіпорынның және мекеменің шаруашылық қызметімен байланысты ,қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешеді.Бухгалтерлік есептің жекелеген түрлері бойынша есептерді,жоспарлаудың техникалық- экономикалықжобаларын, материалды- техникалық жабдықтауды, еңбек және материалдық шығындардың есебін жүргізеді.