Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың  жалпы сипаттамасы

   Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде  кәсіптік білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі жалпы білім беру базасында  2 жыл 10 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында 1 жыл 10 ай

Түлектің біліктілгі: менеджер

Менеджер -  кәсіпорынның  белгілі –бір  саласына басшылық жасайды (персанал менеджері,инвестиция менеджері, көпшілікпен қарым –қатынас менеджері, қаржы менеджері, тәуекел –менеджері, экаунт- менеджер, сауда менеджері)  оны басқарады, жобаларға басшылыққты жүзеге асырады  (жоба менеджері,топ –менеджер)

   Менеджерлер қызметінің негізгі бағыттары:

  • Жобалау
  • Бақылау және есепке алу;
  • Өніммен жабдықтау
  • Кадрмен жұмыс

Менеджер игеруі тиіс:

  • сатушыларға тиімді қызмет көрсетуді ұйымдастыра білуді;
  • сауда орындарының құрылымын жобалу және оған құрылғыларды орналастыра білуді;
  • экономика менеджменті, басқару, жобалау саласындағы нормативті  құжаттармен заңнамалармен  жұмыс істей білуді;
  • лаузым кандитаттарымен әңгіме  өткізу, олармен шарт жасасуды;
  • басқаруға қатысты шешімдер қабылдау,  басқару түрі мен тәсілдерін қолдана білуді;
  • құрылтай құжаттарын жасауға нормативті- құқықтық құжаттарды қолдана білуі,
  • экономикалық құжаттарды сақтау мен өңдеуде ЭЕТ қолдана білуі;

Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты біздің елімізде басқарусаласының білікті мамандарын дайындаудың қажеттілігі арта түсті.Компаниялар мен фирмалар ұжымды біріктіріп кәсіпорынның қызметін тиімді ұйымдастыра алатын, алатын менеджерлер көмегінсіз табысқа жетудің мүмкін еместігін түсіне бастады.

Бұдан аз уақыт бұрын менеджер деген ұғымға жауап беру өте оңай болды. Бұл ұғымға ешкім мән бере қойған жоқ, олар қатардағы жұмыскерлерден онша ерекшеленбейтін. Ал, казір бәрі де өзгерді, сауда нарығында алып фирмалар пайда бола бастады, ал, тутынушылар қызмет көрсету саласында бұрынғыдан гөрі сауатты бола бастады, бәсекеллестер басқа фирмаларда жоқ нәрселерді жасап шығаруға жанталасуда. Осыған байланысты тәжірибелі менеджер қызметіне күн өткен сайын сұраныс артып келеді.

Сонымен, тәжірибелі менеджер қандай болуы қажет? Менеджер -дегеніміз өзінің қол астында екі немесе одан да көп қызметкерді біріктіріп ,оларды ұйымдастырып, басқарудағы бастамаларды өзінің қолына алатын және тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатынкәсіби маман.Бүгінгі күнгі менеджер стресске қарсы тұра алатын, барлық уақытта өсіп отыратын, сондай- қасындағыларға ықпал ете алатын, тәуекелге барып, оның тиімді нәтижелеріне қол жеткізуіне , жаңа инновациялық технологияларды пайдалануға қорықпайтын тұлға.

Менеджмент- адамдарды басқаруға,қарапайым адамдар тобын тиімді қызмет ететін ұжымға айналдыруды үйрететін тұтас ғылым саласы.

Менеджерлердің кәсібиқызметінің обьектісі:

-сауда орындары, қызмет көрсету аясы (сауда орталықтары, гипер және супермаркеттер, қонақ үйлері, сауықтыру орындары, туристік фирмалар, жарнама агенттіктері, мейрамханалар, кафелер)

- кәсіпорындарды тұрмыстық жабдықтау, қаржылық және мемлекеттік әкімшілік жүйесі

Менеджердің кәсіби қызметінің түрлері:

  • Орта буын саласының менеджері
  • Кадр қызметінің маманы