Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың  жалпы сипаттамасы

   Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жіктемесіне сәйкес.

Күндізгі оқу бөлімінде  кәсіптік білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі жалпы білім беру базасында 2 жыл 10 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында 1 жыл 10 ай

Бітіруші түлек – аудармашы –гид мамандығын иеленеді.

Аудармашы –гид- экскурсовод, шет елдерге демалысқа сапар шегетін отандастарымызға, сонда-ақ еліміздің аумағына саяхат жасайтын шет елдіктерге саяхаттар ұйымдастырып және оларды өткізумен айналысатын тұлға.

Ұқсас мамандықтар: экскурсовод, мәдениеттанушы, жәдәгерші, этнограф

 

Мамандықтың сипаттамасы

Гид  туристермен саяхат барысында еріп жүреді, оларға экскурсиялар ұйымдастырады.Сондықтан да, аталған саланың маманының  тарих,  мәдениет және жағрафия саласынанда жетік білімі болуы қажет. Эксурсияны ұйымдастыру қағидаттары мен әдістерін, көрме құрылғыларын орналастырудың ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Сонымен қатар  көпшілікпен қарым –қатынас жасай білу, сауатты және шебер сөйлей білуге де қабілетті болуы тиіс

  Нағыз гид өзі жеткізуге тиіс материалды жеткілікті дәрежеде біліп қана қоймай, оны тартымды, қызықты тілде жеткізіп, топты игереде білуі тиіс. Мұның бәріне тек өз мамандығын сүйген адам гана қол  жеткізе алады. Гидке  турға жетекшілік ету,құжаттармен жұмыс істеу, саяхатшыларға жәрдемдесу, сондай –ақ жол бойында ойламаған жерден кездесіп жататын көптеген тұрмыстық  қиындықтарды шешуге тура келеді. Туристерді әуежайда немесе вокзалда тосып алу, оларды қонақүйге орналастыру, мейрамханадағы қызмет көрсететін қызметкерлерге, кеден қызметкерлеріне, жүк тасымалдаушыларға, мейрамханадағы күтушілерге тапсырмалар беру т.б. осының барлығын бір ғана адам орындап, үлгеруі тиіс. Кәсіби жетістік шыңына тек нағыз гид - аудармашы ғана қол жеткізеді.Бұл мамандық иесі ағылшын тілін жақсы білуі тиіс себебі ол сапар барысында шет елдік туристермен бірге  ілесіп жүреді, кейде отандастарымен бірге шет елдерге сапарға шығуына да тура келеді.   Ол өзі аударатын тілді жетік білгені жөн, гид - аудармашы ауызша аударма жасап қана қоймай, осы тілде қарым –қатынас жасауына тура келеді. Дұрыс аударылмаған ұғымдар мен сөйлемдер тыңдаушысына кері әсер қалдыруы мүмкін.Аудармашының жұмысы көру және ми қызметіне тікелей байланысты, ол өз қызметінің барысында тіл арқылы байланыс жасай отырып , көптеген мағлұматтарды өзге тілге аударуына тура келеді.

 

Жұмыс орны:

Аудармашылар мен аудармашы – гид қызмет түрлерін ұсынатын туристік фирмалар, агенттіктер, компаниялар, мәдениет министрлігі ұйымдары, мұражайлар, фондттар, көрмелер, қорықтар

Қойылатын талаптар:

  • Шет тілін жетік білу;
  • Жақсы қойылған дауыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті;
  • Қарым –қатынас жасай білу мәдениеті;
  • Көпшілік алданда сөйлей білу , өзіне деген сенім;
  • Тартымды түр – келбеті;
  • Тапқырлық:
  • Білу мен уйренуге құштарлық;
  • Жақсы есте сақтау қабілеті;
  • Сыпайылық;
  • Жауапкершілік, ұқыптылық;

 Міндеттері:

  • тарихи құжаттармен материалдарды жинау және оқып –уйрену;
  • сөйлеу және әңгімелеудің өзіндік тактикасын жасау;
  • толтарды қарсы алу мен оларды жайлы орындарға орындастыру;
  • туристік топтармен экскурсиялық әңгімелер өткізу үшін қолайлы орын таңдау;
  • тарих және мәдениет туралы экскурсиялық дәрісте оқу;
  • көрікті жерлерді аралау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқаулық жүргізу;
  • төтенше жағдайларда топтың  іс- әрекетін ұйымдастыру;