Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың  жалпы сипаттамасы

   Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде  кәсіптік білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі жалпы білім беру базасында 3 жыл 6 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында 2 жыл 6 ай

Бітіруші түлек  біліктілігі –менеджер.

Туризм менеджері- туристік ұйымдарда кәсіби туристік қызмет түрлерін көрсететін маман.

Туристік қызмет саласындағы менеджер көрсете алатын қызмет  түрлері:

  • ұйымдастыру –басқару саласы;
  • маркетинг  қызметі;
  • экскурсиялық қызмет;

 Туризм саласының менеджері игеруі тиіс:

  • туризм саласында қызмет көрсете алуды,
  • шет елдермен корреспонденция алмасу және шет тілінде сөйлесе алуды;
  • көрсетілетін қызмет мақсатында жарнамалау құралдарын пайдалана білуді;
  • ұйымдастыру- басқару қызметін жүзеге асыруды,
  •  

«Туризм» мамандығы «қонақжайлық» саласының мамандарын дайындайды.Оқушылар туристік және қонақүй саласының майталман мамандары болып шығады.Бүгінде жұмыс берушілер өздерінің болашақ қызметкерлерін  колледж қабырғасынан табуға тырысады. Колледждің «Туризм»  мамандығын тәмамдаған  түлектер  туристік агенттіктерде гид –аудармашы, экскурсовод, аниматор, клиенттерді тауып ,олармен шарт жасап, топтарды ұйымдастыратын менеджерлер қызметтерін атқарады.

«Туризм» мамандығы талапкерлер арасында күн санап ерекше сұранысқа ие. Жастарды адамдармен жұмыс істеу ерекше қызықтырады. Сондай- ақ олар туризм –менеджерлері шет елдерге жиі шығыды деп ойлайды, дегенмен жас мамандардың басым бөлігі еліміздің ішкі нарығында табысты еңбек етуде.

Туристік қызмет саласының мамандарын дайындауда  туризм жағрафиясы мен  нарығын оқып –үйренуге ерекше көңіл аударылады,сондай –ақ шешен және тартымды әңгімелеуге де ден қойылады,  клиентке оның болашақ сапары, ол жердің табиғаты, мәдениеті, климат жағдайы, демалыс орнының басқа да ерекшеліктері  туралы нақышты суреттеу ерекше мәнге ие. Қонақ үй саласының сервисі үшін басқару саласының  бірқатар пәндері: менеджмент, маркетинг, басқару психологиясы пәндерінің орны ерекше.

Колледжді таңдаудағы маңызды факторлардың бірі –ағылшын тілін еркін меңгеру. Ағылшын тілі болашақ мамандық иелері  үшін  міндетті базалық білім қоры ғана емес, болашақ мамандық дағдыларын қалыптасырудың негізі болып табылады.

«Тұран» колледжінде ағылшын тілі кәсіби лексикаға көңіл аудара отырып жүргізіледі.