Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Мамандықтың  жалпы сипаттамасы

   Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жіктемесіне сәйкес алынған.

Күндізгі оқу бөлімінде  кәсіптік білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі жалпы білім беру базасында 2 жыл 10 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында 1 жыл 10 ай

Бітіруші түлек  біліктілігі –заңгер –кеңесші.

Заңгер – құқықтану, заң ғылымдары саласының маманы, құқық саласының  практик -маманы

«Заңгер» ұғымы заң ғылымы саласынының әр түрлі мамандық иелерін –соттар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, нотариустар, әр түрлі кәсіпорындардың заңгерлері мен  жеке практикамен айналысатын заңгерлерден бастан осы салада қызмет ететін барлық тұлғаларды біріктіреді.

 Мамандық сипаттамасы

Бітіруші түлек құқық қорғау және  құқық қолдану қызметінде заңгер лауызымы бойынша , сондай- ақ жоғары заңдық білімді дипломын қажет етпейтін: заңгер –кеңесші, төлқұжат беру орындарының қызметкері,тергеушінің көмекшісі, анықтаушы, кадр бөлімінің меңгерушісі,нотариус көмекшісі,  мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының заң кеңесшісі, сондай- ақ ұйымдық сипатына қарамастан басқа да ұйымдардың заңгер –кеңесшісі  қызметтерін атқара алады.

Заңгер қызметінің негізгі түрлері:

  • Құқықтық –ұйымдастырушылық –Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативті –құқықтық актілерінің  жүзеге асуын, заң талаптарының орындалуын қадағалау, заңдық кеңес көрсету, заңды тұлғалар мен жек тұлғалардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қызмет түрлерін көрсету;
  • Құқықтық –басқару- мемлекеттік билік органдарының, жергілікті басқару органдарының ұйымдық- басқару  қызметін жүзеге асыру, лауазымды  және жеке тұлғаларға  заң  және басқа да нормативті актілер туралы ақпараттар беру, құқықтық білім беру;

Түлек игеруі тиіс:

Гуманитарлық және әлеуметтік –экономикалық ғылымдар саласының әдістері мен алған білімдерін кәсіби қызмет барысында қолдана білу, құқықтың әр түрлі салаларының нормаларын түсіндіре алу,  сауатты сөйлей білу, өз  көзқарастарын негіздей білу, заңдық категориялар мен ұғымдарды айқындай алуы, құқық қорғау органдарының жүйесі, құрылымы, құзіреті туралы мағлұматы болу, нормативті –құқықтық актілерді кәсіби қызмет барысында қолдана білу, әртүрлі құжаттарды толтыра білу, азаматтық- құқықтық, әкімшілік –құқықтық, қылмыстық –құқық саласындағы заңдық проблемаларды шешу мүмкіндіктерін игеру тиіс

Түлек білуі тиіс:

Құқық нормасының құрылымын, оның қолдану аймағын, кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында оның өзара байланысы мен маңыздылығын түсіне білу, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау нысанын, мемлекет түсінігі мен құрылымын, қызметін, сот органдары және оның қағидаттарын, ҚР –ның құқық қорғау органдарын,Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын, іскерлік қарым –қатынас жасаудың психологиялық ерекшеліктерін, заңгер қызметінің кәсіби этикасының қағидаттарын, әр түрлі  құжаттар дайындаудың  негізгі ережелерін білуге тиісті;