Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«Тұран» университеті колледжіне қабылдау ережелері.

Білім беру министрінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының  19 қаңтар  2012 жылғы № 130 «техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда оқуға қабылдаудың Типтік ережесен бекіту туралы».

1. Жалпы ереже

    «Тұран» университеті колледжінде оқуға қабылдаудың  Типтік ережесі, Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім беру» Заңына сәйкес «Тұран» университеті колледжіне оқуға қабылдау тәртібі  техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асырумен бекітіледі.

    «Тұран» университеті колледжінде Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ  негізгі орта білімі бар, техникалық және кәсіптік білім

(бастапқы және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білімі бар азаматтар қабылданады.

     Техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білімі бар тұлғаларға оқу орнына түсу емтиханын тапсыру білім беру ұйымымен бекітіледі.

2. Құжаттарды қабылдау мен оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру.

  1. Азаматтардан оқуға өтініш қабылдауды, оқуға түсу емтихандарын өткізу және колледж оқушыларының қатарына енгізу үшін маусымның 1-нен өз қызметін бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының мүшесіне төраға, жауапты хатшы, қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.
  2. Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат күндізгі бөлімге  30 тамызға дейін, кешкі және сырттай бөлімдерге қыркүйектің 30-на дейін мәліметтер ғаламтор желісінде және ақпарат қабырға газеттерінде жеткізіледі.
  3. Білім беру ұйымында тұлғаларды оқуға қабылдау төмендегідей іске асырылады:

-техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламасы бойынша орта білім мамандарын даярлау күндізгі бөлімге 20-шы маусымнан тамыздың 20-на дейін, кешкі және сырттай бөлімдерге маусымның 20-нан  қыркүйектің 20-на дейін жүргізіледі.

4. Оқуға қабылдау өтінішінімен бірге білім туралы құжаттың түпнұсқасы, дәрігерлік анықтама № 086 у, флюорография түсірілімі ( мүгедектігін анықтайтын қорытынды), 3х4 сурет қабылданады. Оқу түсу туралы құжат ата-анасына тапсырылады.

     Шетел және азаматтығы жоқ жеке тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу белгісін және мәртебелерін анықтайтын құжаттарды ұсынады.

  • Шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты;
  • Босқындар- босқындар куәлігі;
  • Оралман-оралмандығы туралы куәлігі.

Оқуға түсетіндер өтініші оқу үлгісі бойынша білім беру ұйымында журналға тіркеледі.Кешенді тестілеу сертификатын көрсеткен ( былтырғы жыл түлектері, жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы жылда кешенді тестілеуге қатысқан), немесе БҰТ нәтижесі бойынша сертификат), 9 Ережеде көрсетілгендей оқуға түсу  емтиханынан босатылады және байқау шартына сәйкес жіберіледі.

5.Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасына оқуға түсетіндер үшін оқуға түсу емтиханы орта білім мамандарын даярлау негізінде қарастырылады.

1) жалпы орта білім беру үш пән бойынша жүргізіледі ( Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, мамандығы бойынша пәндер);

2) негізгі орта білім  оқу бағдарламасы көлемінде екі пән бойынша ( Қазақ тілі немесе Орыс тілі және мамандығы бойынша пәндер).

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім мамандық саласына сәйкес келмегенде өз мамандық саласы бойынша жүргізіледі.

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім мамандық саласына сәйкес әңгімелесу үлгісінде жүргізіледі.

Оқуға түсу емтиханы қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырушының өтінішімен өткізіледі. Жалпы білім беретін пәндер мен техникалық және кәсіптік білім беру  тізімі № 1 Ережеге сәйкес анықталады.

6. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түскен тұлға, яғни оқуға түсу емтиханы күндізгі бөлім 1 тамыздан-28 тамызға дейін, кешкі және сырттай оқу бөлімі 1 тамыздан -25 қыркүйекке  дейін өткізіледі. Оқуға түсу емтиханы тест түрінде өткізіледі, әр пән бойынша тест тапсырмасы 25;  әр дұрыс жауапқа 1 баллдан есептеледі, үш пән бойынша тапсырылатын тестке 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі.Тестің дұрыс жауабы тест аяқталған соң бірден ілінеді, тестің нәтижесі тест тапсырған күні белгілі болады.

7.Бірыңғай талаптар мен даулы сұрақтар туындаған жағдайда колледжде апелляция комиссиясы құрылады.Апелляция құрамына төраға, хатшы, апелляция комиссия мүшелері кіреді. Тест нәтижесіне келіспеген тұлға апелляцияға өтініш беруіне болады. Апелляция өтініші тест аяқталғаннан кейін келесі күннің 13 сағатына дейін қабылданады және апелляция мүшелерімен қарастырылдаы. Апелляция комиссиясының  шешімі комиссия құрамының басым көпшілігімен қабылданады.Егер дауыстар тең түскен жағдайда төраға шешуші дауыс қабылдауға құқылы. Комиссия жұмысы хаттамамен рәсімделедіі.

8. Тесті қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

9. «Тұран» университеті колледжіне оқуға түсу үшін тұлғаның байқауға қатысу өтініші негізінде іске асырылады.Байқау бірыңғай тестілеу сертификатының негізгі баллымен, Қазақстан Республикасының ЖОО түсу үшін бірыңғай тестілеу үлгісінде өткізіледі. Байқауды өткізу Ереженің 6 бөліміне сәйкес үш пәннің ұпайын қосу арқылы ескеріледі.

3. Байқауға қатысуға жіберілмейтін оқушылар құрамына кіретіндер.

1. екі пәннен 20 баллдан кем, жалпы білім беретін негізгінде алған,  құқықтану, экономика мамандықтарынан 25 баллдан кем жинағандар;

2. үш пәннен  30 баллдан кем, жалпы орта білімі барлар үшін, арнайы пәндерден құқықтану, экономика 35 балладан кем жинағандар;

Байқау шарты білім алу құқығын сақтауға және техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеруге негізделу керек.  Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқушылар құрамына қабылданатындар мен орта мамандарды дайындауға кіретіндер төмендегідей жүргізіледі.