Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«Тұран» университеті колледжінде оқуға берілетін жеңілдіктер ережесі.

Аталған жеңілдіктер «Тұран» колледжінде оқитын оқушыларға, яғни «Тұран» ұйымының іс-шараларына, колледж бен жалпы білім беретін мектептерде белсенді қатысқандары үшін беріледі.

1.Жеңілдіктерді оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, табысты оқуларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

2.Жеңілдіктер  «Тұран» корпорациясы іс-шараларына қатысып сертификат және жүлделі орын  иеленген жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ұсынылады.

3.Жеңілдік тек бірінші оқу жылына ұсынылады.

4.Жеңілдік көлемі әртүрлі болуы мүмкін, яғни өткізілген іс-шаралармен бекітіледі.

5. 1,2,3 топтағы мүгедектерге және жастайынан мүгедектерге барлық оқу мерзіміне 50%  жеңілдік беріледі.

6. «Тұран» лицей мектебінің түлектеріне оқу ақысының бірінші жылына 30 %  жеңілдік ұсынылады.

7.«Алтын белгі» медальмен бітірген түлектерге және ерекше аттестатпен аяқтағандарға оқу жылының бірінші жылына 30%  жеңілдік ұсынылады.

8.Мектепті 4 пен 5 ке бітірген талапкерлерге 10 %  жеңілдік ұсынылады. (оқу жылының бірінші жылына.

 9. « Тұран-зерде» ассоциацияларының мүшелері әр жылдың оқу жылына 5 %  жеңілдік ұсынылады.

10. Егер «Тұран» корпорациясында екі немесе оданда көп оқушылар оқыған жағдайда әрбір оқушыға жазған өтініштері бойынша жыл сайын жеңілдік ұсынылады.

11. «Тұран» университеті колледжінде оқитын оқушылар (күндізгі және сырттай), қысқы және жазғы емтиханды үздік тапсырғандарға келесі оқу жылына 10% жеңілдік ұсынылады.

12.  11 бөлімде көрсетілген ереже тек емтиханды уақытылы  үздік тапсырғандарға келесі жылға беріледі.

13. Бірнеше жеңілдіктері бар жағдайда төмендегі кесте бойынша жүргізіледі: 100%+ 50%+ 50% мұндай үлгіде алғашқы жеңілдік толық көлемде, ал қалғандары бекітілген көлемнен 50%  қосылып төленеді. Максималды жеңілдік қосындысы 75%  аспауы тиіс.

14.Жеңілдікке құқығы бар оқушы колледж бухгалтеріне әр жылдың  1 қарашасына дейін дәлелдейтін құжаттарды өткізуі тиіс.Мерзімнен кешіккендердің  жеңілдіктері жарамсыз болып табылады.

 

Жауапты

1. Оқушының оқу үлгерімі нашарласа, академиялық қарыздар немесе көп көлемде сабақтан себепсіз қалса, колледждің ішкі тәртібін бұзса, ( оқу орнының жетекшілері, тәрбие жұмысы, топ жетекшісі,  педагогикалық кеңестің шешімімен) ұсынылған жеңілдіктерді қайтаруға құқылы.

2. Егер басқа оқу орнына ауысқан жағдайда, жеңілдігі бар оқушы оқу ақысында көрсетілген жеңілдікті толық көлемде  қайтаруға  тиіс.