«Тұран» университеті колледжіне тиісті балл жинаған, тестілеуден өткен және өз еркімен оқуға түскісі келетіндер қабылданады. Жаңа оқу жылының басында 1 курс оқушыларынан қоғамдық пәндер бойынша кіріс бақылау жұмыстары алынады. Бұл оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған тестің нәтижесі бойынша оқытушылар өзін-өзі зерттеу әдістемесі, ақпараттық іздену, ғылыми-зерттеу және дамыту дағдыларын қалыптастыру, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу секілді сабақтың сабақ беру әдіс-тәсілдерін жүйеге келтіреді.
Көп қырлы оқыту бағдарламасы жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті және тіл мәдениетін білетін ұрпақты қалыптастыруға көмектесетін жаңа білім беру моделін қолдануға мүмкіндік береді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру әлемдік нарыққа апаратын, ғылымды игеруге және жаңа технологияларды меңгеруге апаратын кілт тәрізді. Көпұлтты және көп мәдениетті ортамен белсенді араласу адамның мәдени қасиеттілігін арттырып, басқа да мәдениеттерге құрметпен қарауға үйретіп, тұлғаның коммуникативтік жағымды тұстарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Колледжде «Аударма ісі» мамандығының оқушыларына «Информатика» пәні эксперименталды түрде ағылшын тілінде өткізіледі. Пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL (Content and Language Integrated Learning) оқыту технологиясы қолданылады. Білім жүйесінде алға қойылған мақсатқа жету үшін екіжақты мақсат қойылған: оқу пәнін әрі шет тілін бір уақытта қатар үйрену. CLIL бағдармаласы басқа пәндерді оқу құралы ретінде шет тілін үйренуді қарастырады.