Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Оқушылармен жүргізілетін зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үрдісінің ажырамайтын бөлімі болып табылады. Оны ұйымдастыру мен өткізу мақсатында 2009 жылы «Тұран» университеті колледжінде «Ғылым шаһары» атты ғылыми қоғам құрылды. Оның құрылу мақсаты ғылыми ізденістерге қабілетті, өзінің интелектуалды және мәдени деңгейінің жоғарылауына мүдделі, сонымен қатар қазіргі ғылыми білім төңірегінде жеке пәндер бойынша білімді терең білуге және аудандағы ғылыми білімдерге ұмтылатын жастар үшін құрылған. Ғылыми қоғамның жетекшісі, ғылыми әдістемелік жұмыстың басшысы Е.Е. Желтова. Қоғам қызметі әдістемелік кеңес ережесінде бекітілген және құрастырылған жоспарлар бойынша іске асырылады. Ғылыми-зерттеу қызметінің ұйымы   оқушыларды жеке бағытта оқытуға негізделген және колледжің әдістемелік жұмыс тақырыбымен анықталады.