2017 жылғы 12 қыркүйек «МИРБИС-Мәскеу колледжі» Кәсіптік білім беру мекемесімен мамандарды кәсіби қайта даярлау, тәжірибе, біліктілікті арттыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Тверь туризм және сервис колледжі
Тверь туризм және сервис колледжімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі келісім
2015 жылдың 5қарашасында Ресей Федерациясының Тверь облысындағы көп жылдық тарихы бар «Тверь туризм және сервис» колледжімен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім –шарттың пәні кәсіптік –техникалық білім беру саласындағы , біліктілік арттыру, сондай –ақ, ғылыми –зерттеу және шығармашылық саласындағы ынтымақтастық
2015жылы 7 мамырда Лондан қаласында «ТҰРАН»колледжінде білім алушылардың және оқытушылардың кәсіби дайындығын жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатындағы Қазақстан Республикасы тарапынан «ТҰРАН»колледжі мен Cambridge Regional Ұлыбритания Королдігі арасында халықаралық әріптестік туралы келісім шартқа қол қойылды.
"Көпсалалы үздіксіз білім беру академиясы" автономдық коммерциялық емес кәсіптік білім беру ұйымы (Омбы қаласы)
2015 жылдан бастап «Тұран» университетінің колледжі "Көпсалалы үздіксіз білім беру академиясы" автономдық коммерциялық емес кәсіптік білім беру ұйымымен (Омбы қаласы) өзара ынтымақтастық жасауда. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында, болашақ мамандарды дайындау, қайта дайындау, тәжірибе алмасу, біліктілік арттыру, сондай –ақ, өзара ғылыми- зерттеу мен шығармашылық жұмыстары саласында өзара ықпалдастық туралы келісімге қол қойылды.
Ықпалдастық кадрларды дайындау және қайта дайындау, оқытудың казіргі заманғы тәжірибелері, оқытудың инновациялық технологияларын қалыптастыру және оны қолданысқа енгізу,екі жақты білім берудің зияткерлік ресурстарын жақындастыру, оқу –әдістемелік, ғылыми және мәдени ақпараттарды алмасу мақсатында жүргізілуде.
Осы мақсатта, ұлттық және студенттік фестивалдер, конкурстар, симпозиумдар мен конференциялар ұйымдастыру арқылы екі жақты тиімді жобалар жасалуда. Кадрлар мен студенттердің біліктілігін арттыру өзара сенім негізіне сүйене отырып екі жақты мүдделерге сай жүргізілуде. Ортақ мерекелер, конкурстар, спорттық жарыстар, сондай- ақ әртүрлі мәдени бағдарламалар өткізу жоспарлануда.
Осындай ортақ шаралардың бірі колледж базасында өткізілген оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы. Курс 14-21 сәуір айында, аталған институт Абросимова М.Г,ұйымдастыруымен жүзеге асты.
2015 жылы қазан айында бірігіп кәсіптік білім беру ұйымдарының І Еуразиялық Конгресі өткізілді.
2016 жылы караша айында бірігіп кәсіптік білім беру ұйымдарының ІI Еуразиялық Конгресі өткізілді.