Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«Тұран» университетінің колледжі- кәсіби биіктерге шығудың алғашқы баспалдағы.

 


Колледждегі білім ерте кәсіптік өзін-өзі анықтау, мамандық алу, жұмысқа орналасу немесе одан әрі білім алу мүмкіндігін ашады.

Колледж еліміздің алдында тұрған маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірін шешуге, Қазақстанның экономикасы дамып келе жатқан жоғары білікті және жоғары ақы төленетін орта деңгейдегі қызметкерлерді қамтамасыз етуге көмектеседі.

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласында келесі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік лицензияға сәйкес (№14003946, 26.03.2014ж.) қызметін жүзеге асырады:

1. Негізгі жалпы білім негізінде (9 сынып.) - күндізгі оқыту;

2. ЖАЛПЫ орта білім негізінде (11 сынып) - ҰБТ сертификатын міндетті түрде ұсынусыз қысқа оқу кезеңімен күндізгі және сырттай оқыту нысаны;

3. «ЕКІНШІ КӘСІБИ» - техникалық және кәсіптік білім беру, сырттай оқу;

4. «ЕРЕСЕКТЕР ҮШІН БІЛІМ» - сырттай оқу;

5.«ОТБАСЫ БІЛІМІ» - колледж оқушыларының ата-аналары үшін сырттай оқу формасы бойынша жеңілдікпен оқыту.

«Тұран» университетінің колледжіне оқуға түсу үшін құжаттар тапсыру мерзімі:

Күндізгі бөлім:  20 маусымынан 20 тамызына (күндізгі бөлімге) дейін

Сырттай бөлімге: 20 маусымынан 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

 Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Күнделікті – -9.00 нан 17.00 дейін

Сенбі, жексенбі - демалыс күн

Байланыс телефондары: +7(727)260-40-30, 260-40-35, +7-778-5555-365

E-mail:turancollege-pk@mail.ru

Instagram: turan_college_almaty


Басқа колледждерден студенттерді тиісті мамандықтар бойынша ауыстыру

демалыс уақытында жүзеге асырылады.